ОН АЛТЫНШЫ СӨЗ - Абайдың Қара сөздері - Абай Құнанбаев - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Абай Құнанбаев » Абайдың Қара сөздері

ОН АЛТЫНШЫ СӨЗ
ОН АЛТЫНШЫ СӨЗ

Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?




Категория: Абайдың Қара сөздері | Добавил: Злой_Админ)) (12.12.2012)
Просмотров: 1185 | Теги: алтыншы, сөз, он | Рейтинг: 0.0/0