ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ - Абайдың Қара сөздері - Абай Құнанбаев - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Абай Құнанбаев » Абайдың Қара сөздері

ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.



Категория: Абайдың Қара сөздері | Добавил: Злой_Админ)) (27.12.2012) E
Просмотров: 1571 | Теги: сөз, бірінші, ОТЫЗ | Рейтинг: 0.0/0