Адам — бiр боқ көтерген боқтың қабы - Абай өлеңдері - Абай Құнанбаев - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Абай Құнанбаев » Абай өлеңдері

Адам — бiр боқ көтерген боқтың қабы
Адам — бiр боқ көтерген боқтың қабы

Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың өлсең тағы.

Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі—ол баяғы.

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бiр қалыпта тұра алмасқа.

Адамды сүй, алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа?!
Категория: Абай өлеңдері | Добавил: Злой_Админ)) (11.12.2012)
Просмотров: 1030 | Теги: Адам — бiр боқ көтерген боқтың қабы | Рейтинг: 0.0/0