БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ - Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны - Бердібек Соқпақбаев - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Бердібек Соқпақбаев » Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны

БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ

БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ 
(1924–1991)

БЕРДІБЕК  СОҚПАҚБАЕВ  1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...


Жазушы еңбектерін тізімі 
Еңбектері:

Менің кербез жеңгем
"Здрәсти, нәшендік!”
"Кеңсе ана ауылда”
"Киікбай!”,”Найза!”
Арам сорпа
Арбасу
Ағаларым
Бір табақ ұн, бір табақ арпа
Бір, екі, сол аяқ!
Балалық шаққа саяхат үзік-үзік суреттер
Бел-белестер
Бөпке әжем және біз
Елеміс екеуміз
Жібек белбеу
Жаңа дос
Жол үстіндегі кездесу
Жылауық Тұрдыбек
Жылқыбайдың сұмдығы
Жұмабай
Каза
Концерт
Көне заттар музейі
Көпекбай және оның балалары
Майра
Мал-адамның бауыр еті
Махаббат хаты
Мектеп
Менің атым Қожа
Менің жауым-Жанбосын
Менің салақ жеңгем
Менің ғажап пималарым
Менің әкем
Менің өнерлі жеңгем
Оқимын
Рамазан және мен
Сары атқа міндім, сазға түстім
Сарыбастау сапары
Сембай атам және біз
Сүмбе сапары
Табылған тәсіл
Тепең-тепең
Тоғыз ауыз
Шайтан екен деп қалсам
Шешем жайлы
Қайран менің Әлиман жеңгем
Қапасқа қамалғаным
Қара шапан
Қостөбе "Застап”. Шекара
Қостөбеге қыс келді
Үйге келу
Әдемі өмір туралы аңыз
Өгей шеше
Өлем -ау өлем!

Категория: Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны | Добавил: Злой_Админ)) (13.12.2012)
Просмотров: 34660 | Теги: БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ өмірбаяны, Шығарма, Соқпақбаев, ақпарат, Бердібек, толық | Рейтинг: 10.0/59