Авраам Линкольн - А - Ұлы тұлғалар - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Ұлы тұлғалар » А

Авраам Линкольн

Авраам Линкольн (ағылш. Abraham Lincoln [ˈeɪbr^hæm ˈlɪŋk^n]; 12 ақпан 1809 — 15 сәуір 1865) — Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан американдық құлдарды бірінші азат етуші, америка халқының ұлттық батыры.

Өмірбаяны

Кедей фермер жанұясында өсті. Еңбекпен ерте араласты. Жанұясының ауыр жағдайына байланысты мектепке небары бірер жыл шамасында барды, алайда сауаттылыққа үйреніп, кітапқа құмарлығы артты. Кәмелетке толған шағында дербес өмір сүруге бағыт алды, емтихан тапсырды және қорғаушылық тәжірибесіне рұқсат алады. Иллинойсте тағы индеецтер көтерілісі кезінде жасаққа кіріп, капитан болып сайланды, алайда шабуылдарға қатыспады. Сол сияқты Иллинойс Заң шығару жиылысына, американ-мексика соғысына қарсы шыққан АҚШ Конгресінің Өкілдерінің Палатасына мүше болды. 1858 жылы АҚШ сенаторлығына үміткер болды, алайда сайлау кезінде жеңіліс тапты.

Жаңа аймақтарда құлдықтың аясын кеңейтуге қарсы болып, Республикалық партияны құруды бастаушыларды бірі ретінде қатысты, оның үміткері ретінде сайлауға қатысып, 1860 жылы жеңіске қол жеткізді. Оның сайлануы оңтүстік штаттардың бөлінуі мен Конфедерацияның шығуына себепкер болды. Өзінің ұлықтау рәсімі сәтіндегі сөзінде елдерді бірігуге шақырды, алайда қақтығыстардың алдын ала алмады.

Линкольн 1861-1865 жылдардағы Азамат соғысында Конфедерацияға жеңілістік алып келген әскери қимылдарды өзі бағыттап отырды. Оның президенттік қызметі атқарушы үкіметтің күш алуы мен АҚШ аймағында құлдықтың жойылуына алып келді. Линкольн үкіметке өзінің де қарсыластарын араластыра отырып, ортақ мақсатта жұмыс істеуге шақыра білді.[1] Президент соғыс уақытында Ұлыбританияны және басқа еуропалық елдердің басып кіруінен қорғай білді. Оның президенттігі тұсында трансконтинентальді темір жол салынды, аграрлық мәселенің шешімін тапқан Гомстед-акт қабылданды. Линкольн үздік шешен еді, оның сөздері солтүстіктерді қанаттандырды және осы уақытқа дейін жарқын мұра болып қала берді.[2][3] Соғыс аяқталған соң кек алуға бас тартуға ұлттық келісімге байланысты орынды Қайта Құруды ұсынды. Негр нәсілдінің американдық қоғам арасында ықпалының жүруінің жақтасы болды. 1865 жылы 14 сәуір айында Линкольн АҚШ-тың өлтірілген бірінші Президенті болып, театрда ауыр жараланды.

Президенттік уақытында қатал сынға ұшырағанымен, көпшілік мақұлдаған көзқарастар мен әлеуметтік пікірге сәйкес ол бәз-баяғы қалпында Американың маңдай алды және қалаулы президенттерінің бірі болып қала берді.

Балалық шағы



Линкольн дүниеге келген үй



Линкольннің әкесі жағынан арғы аталары, 1637 жылы британдық Хорфолктегі Хингемнен Массачусетседегі Хингемге көшіп келген тоқымашы Сэмюэль Линкольнде (англ. Samuel Lincoln) жатыр. Линкольн 1809 жылы 12 ақпанда білім ала алмаған фермерлер – Кентукки штатында Гардин аймағындағы фермада кішкене бревенчатой үйде (Ходженвилл қалашығынан алыс емес жерде) Томас Линкольн мен Нэнси Хэнкстің жанұясында дниеге келді. Ол үндістер өлтірген атасының есімінің құрметіне сол есіммен аталды.Авраам жеті жасқа толғанда (1816 жыл) оның жанұясы Индианаға, сәл кейін Иллиноисқа жетті. Тоғыз жасында Авраам анасын жоғалтты, одан кейін әкесі жесір әйел Сара-Буш Джонстонға үйленеді.

Бірінші некеден ұш баласы болған өгей шешесі балалар білім алу керек деп есептейтін. Линкольн өзі кейін атап айтқанындайғ жанұяға көмегі қажет болу себебінен мектепке бірер ғана жыл барса да, жанұяда жазу мен есепті үйренген бірінші болды. Балалық шағынан бастап, соңғы өміріне дейін кітапқа құмарлығы шексіз болды. Деннис атты балалық шағындағы досы кейін жазғандарында «Эйба 12 жасқа толғанында, оны кітапсыз жүрген бір де бір уақытын көрмеген екен.... Түнгі уақыттарда үңгірде орындықты жығып алып, оған жарық төндірді, арқасымен жайғасып отырып алып оқыды. Бұл жас баланың осыншама оқуы ғажап болатын.» Линкольн балалық шағында Киелі кітап, «Робинзон Крузо», «Джордж Вашингтон тарихы», Эзоп мысалын оқыған болатын. Саясаткер уақытында ол көпшілікті өз сөздерінде қолдана білген дәйексөздері бар Әулие жазуларды білгендігімен таң қалдыратын.

Оның жарқын мысалы Линкольннің жас елдің ары қарайғы өмірлік жағдайын «жартылай құлдық пен жартылай еркіндікте» қалдыру мүмкін еместігі болған лейтмотивті «Дом разделенный» сөзі болатын, соңында бұл сөз хрестоматиялық болды. Линкольн көршілеріне грамматика мен стилистика үлгісінде қаламын ұштауға көмек берді. Кей уақыттары ол сотқа қорғаушылар сөзін тыңдау мақсатымен 30 миль жол жүріп баратын болған. Авраам ерте жастан жаұясына егіс алқабы жұмыстарына көмек берді де, өсе келе әр алуан жұмыстарда: поштада, орман кесуші, жер өлшеуде, қайықшы болып жүріп ақы тапты. Аңшылық пен балық аулау ісіне өзінің адамгершілік танымына қарай қашқақтап жүретін. Физикалық жағынан өз тұрғыластарына қарағанда Авраам әлдеқайда дамыған болатын. Құлдық Линкольннің дұниетанымында аса маңызды орын алды.



Жастық шағы

Жастық шақтағы Авраам Линкольн


1830 жылы Авраам Линкольннің жанұясы қайта көшті. Кәмелетке толған Линкольн жеке өмір жолын бастауға шешім қабылдады. 1830 жылы Авраам Линкольннің жанұясы тағы көшті. Линкольн кәмелетке толған соң, жеке өмір сүруге шешім қабылдайды. Ол Миссисипи өзенінен төмен жүзіп, Линкольн еріксіз базарға келіп, өмір бойы құлдыққа жиіркенішін сақтаған Жаңа Орлеанда болу мүмкіндігіне қол жеткізген уақытша жұмыс тапты. Кейін ол Иллинойстағы Нью-Сейл ауылына қоныстанды. Ол жерде барлық бос уақыттарын өзін-өзі дамыту мен жергілікті мектептің мұғалімінен білім алуға арнады. Түнгі уақыттарда болашақ президент ай жарығымен кітаптар оқитын.

1832 жылы Линкльн Иллинойс заңшығару жиылысына мүшелікке дауысқа салды, алайда жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін ол ғылымды жүйелі түрде меңгере бастады. Алғашқы уақыттарда Линкольн ұста болуды қалаған болатын, кейін әлемдік сотпен таныстығынан кейін құқық ілімін қолға алды. Бұл уақыттарда ол өз серіктесімен сауда дүңгіршектерде табыс табуды көздеді, алайда жұмысы алға баспады. Президенттің биогафиясының ауторы Сэнберг: «... Линкольн оқу мен армандаумен айналысты. Оның басқа жұмыстары болмаған еді және ол өз ойымен күндеп отыра беретін, бірақ оны ешкім қозғамайтын. Осы іштей қозғалыссыз уаықттарда ақыл мен адамгершілік даму үрдісі жай және тапжылмай жүріп жатты.»

1832 жылы Иллинойста Миссисипи өзенінің ар жағына батысқа өз жерін қалдырып көшуді қаламаған үндістердің көтерілісі бұрқ етті. Линкольн жасаққа түсті де, капитан боп сайланды, алайда шабуылдарға араласпады. 1833 жылы Линкольн Нью-Сейлемге почмейстер болып орналасады. Осының арқасында ол білім алуға мүмкіндік берген бос уақыты да болған еді. Оның жаңа қызметі жіберетін бұрын саяси мазмұнды газеттерді оқуға жол ашты.

1833 жылы Линкольн жер өлшеуші қызметін иемденеді. Бұл жұмысқа келісім берген ол алты апта бойына Гибсонның «Топография ісінің теориясы мен практикасын» және Флинттің «Геометрия, тригонометрия және топография курстарын» жанын сала меңгерді. Нью-Сейлемде тұрған кездерінде Линкольнге үнемі қарыз алуына тура келетін. Қарыздарын тиянақты түрде қайтаруы әдетінен «Шыншыл Эйб» танымал деген атқа ие болды.

Саясаткер мен қорғаушының мансабының басталуы

Мэри Тодд, Авраам Линкольннің жұбайы

1835 жылы (26 жасында) Линкольн вигаға қосылып кеткен, Иллинойс штатының Заңшығару жиылысына сайланды. Линкольн саяси аренаға түскен сәтінде АҚШ-тың президенті Эндрю Джексон болатын. Линкольн оның халыққа саяси қатынасындағы сүйенішін қолдады. Бірақ штаттардың экономикалық өмірін реттеудегі федералды орталық қарсылығының саясатын қабылдамады. Жиылыстың сессиясынан соң, бұрын білімді қолға алғанынан да шешімдірек қимыл жасады.

Өзі жеке даярлығымен, 1836 жылы Линкольн қорғаушы дәрежесіне емтихан тапсырады. Дәл осы жылы Заң шығару жиылысында астананы Вандейлииден 1837 жылы өзі көшіп барған Спрингфильд штатына ауыстыруға қол жеткізеді. Онда Уильям Батлермен «Стюарт пен Линкольн» фирмасында бірігеді. Жас заң шығарушы және қорғаушы өзінің шешен, сөзуар қабілеттерімен кіршіксіз бедел жинап алды. Көп жағдайда өзі сотта қорғаған тұрмысы төмен азаматтардан қаламақы алуға қарсылық білдіретін; адамдардың қиындығына көмектесуге штаттардың әр алуан шалғай жерлеріне барды.

1837 жылы Линкольн аболиционистер газетінің шығарушысын өлтіріп кеткен соң, Спрингфильдегі «Жас адамдар» лицейінде демократия, конституция, «негізін қалаушы - әкелер» мұрасының құндылығын атап өткен принциптік сөзімен шығады.

1840 жылы Линкольн Кентуккиде Мэри Тодд Мэри Тодд (ағылш. Mary Todd, 1818—1882) атты қызбен танысады да 1842 жылдың 4 қарашасында олар үйленді. Мэри төрт ұлды дүниеге әкеліп, оның үлкені - Роберт Линкольн барынша ұзақ өмір сүрген болатын. Эдвард Линкольн 1846 жылы 10 наурызда дүниеге келіп, Спрингфильде 1850 жылы 1 ақпанда қайтыс болады. Уильям Линкольн 1850 жылы 21 желтоқсанда туылып, 1862 жылы 20 ақпанда Вашингтонда өзінің әкесінің президенттігінің тұсында қайтты. Томас Линкольн 1853 жылы 4 сәуірде дүниеге келіп, 1871 жылы 16 шілдеде Чикаго қаласында қайтыс болды. Кейбір тарихшылар Линкольннің гомосексуалды немесе бисексуалдылығы мүмкіндігін айтқан болатын, ал кейбірі бұл деректі жоққа шығарады.

Президенттікке дейінгі саяси мансабы

1846 жылы Линкольн вига партиясының (1847—1849) Конгресс палатасының мүшесі боп сайланды. Вашингтонда аса ықпалы бар тұлға болмағанымен, америка-мексика соғысында Құрама Штаттар жағынан ақталмаған агрессия деп есептеп, Полк президентіне қарсы әрекеттерде белсенділік танытты.

Баршаға танымал американ-мексика соғысы Линкольннің абыройына зардабын тигізді және өкілдер Палатасына қайта сайлануға қарсылық білдіруге шешім қабылдады. 1849 жылы Линкольнге оның Орегон аймағына секретарь боп сайланғаны айтылды. Бұл ұсынысты қабылдау оның Иллинойстағы қарқынды көтеріліп келе жатқан мансабының соңы болар еді, сондықтан бекітуге қарсылық білдірді. Ликольн саяси қызметтен алыс кетіп, кейінгі жылдарында заң тәжірибесімен айналысты да, штаттың алдыңғы қатарлы қорғаушыларының бірі, «Иллинойс Сентрал» темір жолының заң кеңесшісі болды.

23 жыл уақыт бойы өзінің заң мансабында Линкольн 5100 іске қатынасты, әріптестерімен бірге штаттың Жоғарғы сотының алдында 400-ден астам сөз алды.

1856 жылы ол басқа вигалар сияқты 1854 жылы құрылған Республикалық партияға кірді, 1858 жылы құлиеленуге қарсы сөз алып АҚШ Сенатындағы орынға үміткерлікке выдвинут. Сайлауда оның қарсыласы демократ Стивен Дуглас болды. Құлиелену мәселелерін қозғаған Линкольн мен Дуглас арасындағы пікірталасы кең танымал болды (кейбіреулер бұл дебатты «кішкене алып» (С. Дуглас) пен «үлкен ана сүті аузынан кетпеген бала» (Ликольн) арасындағы жанжал деп атады).

Линкольн аболюционист болмады. Алайда құлдыққа моральді таным тұрғысынан қарсы болды. Ол аграрлы Оңтүстік экономикасы жағдайында қашып құтыла алмастай зұлымдық деп есептеді. Дугластың өзінің қарсыласын радикализммен айыптаған ділелдеріне қарсылық білдіріп, Линкольн негр нәсіліне саяси және азаматтық құқық берілуіне жол бермеді. Құл иелену мәселесі оның ойы бойынша жеке штаттар құзіретіне енеді және федералды үкімет бұл мәселеге араласуға конституциялық құқығын болмады. Мұнымен бірге Линкольн құлиеленудің жаңа аймақтарда таралуына қарсы екендігін білдірді.

Сайлау кезінде Стивен Дуглас жеңіске жетті, алайда Линкольннің елдің ары қарайғы тірлігінде «жартылай құлдық пен жартылай еркіндік» жағдайының мүмкінсіздігін негіздеген «Айырық үй» құлиеленушілікке қарсы сөзі оның ауторына құлдыққа қарсы күрескер ретіндегі абыройын жасап, АҚШ-та кеңінен таралды. 1859 жылы қазан айында үкімет арсеналын қамтыған және оңтүстікте құлдар көтерілісін бастауды жоспарлаған Джон Браун көтерілісі бұрқ етті. Отряд әскермен қоршалып, атқыланған болатын. Линкольн Браун әрекетін құл иелену мәселесіндегі шешімді күштеу әрекеті деп айыптады.

Президентті сайлау мен ұлықтау

Құлиелену мәселесіндегі шамалы ұсыныс Линкольнді 1860 жылғы сайлауда Республикалық партия атынан президенттікке келісімді үміткер ретінде сайлауы айқындалды. Оңтүстік штаттар республикалықтар жеңісі жағдайында Одақ құрамынан кететінін айтып қорқытты. Демократиялық және республикалық екі партия үміткерлері бейнелеген құндылықтар үшін күрес жүргізді. Ликольннің тұлғасы американдықтарға еңбекқорлығымен, адалдығымен, әлеуметтік жинақылығымен танылды. Халық ортасынан шығып, «өзін-өзі жасаған» адам болды. 1860 жылы 6 қарашада халықтың сайлауға қатынасуы алғаш рет 80 % құрады. Ликольнге көп жағдайда екі үміткерді алға тартқан Демократиялық партияда жікке бөліну арқасында сайлауда өз қарсыластарын анықтап алып, бірінші рет өзінің жаңа партиясы атынан АҚШ президенті болуға сәті түсті. Ликольн сайлауда негізінен Солтүстіктің қолдауымен жеңіске жетті. Сайлау бюллетендерінде Линкольннің есімі тоғыз оңтүстік штаттары қолдамады және оған 996 аймақтың 2-уінен ғана жеңіп шығуғы мүмкіндік туды.



Сайлау

Президенттікке үміткер Авраам Линкольн, 1860 жыл.
Толық мақаласы: АҚШ-тағы Президенттік сайлау (1860)

Одақтың бөлiнуi және Линкольннiң инаугурациясы

Ақ үйдегi Линкольннiң ресми портретi.

Линкольн құлдықтың таралуына қарсы болды және оның сайлауда жеңіске жетуі америка халқын ары қарайғы бөлінушілікке алып келді.Оның президенттікке ұлықтау рәсімі жасалмай тұрып-ақ 7 оңтүстік штат Оңтүстік Каролинаның бастамасымен АҚШ құрамынан шығатынын жариялады. Жоғарғы Оңтүстік (Делавэр, Мэриленд, Виргиния, Северная Каролина, Теннеси, Кентукки, Миссури и Арканзас) алғашқы уақытта сепаратистер үндеуін қайтарғанымен, кейін көтеріліске қосылып кетті. Іс басындағы президент Джеймс Бьюкенен мен сайланған президент Линкольн сецессияны тануға қарсылық білдірді.

1861 жылдың ақпанында Монтгомери (Алабама) Конституциялық конгресі Конфедеративті Америка Штаттарын құруға шақырды, ал президенті болып сол айда ант қабылдаған Джефферсон Дэвис сайланды. Мемлекеттің астанасы Ричмонд болды.

Ликольн 1861 жылдың 23 ақпанында Балтиморда мүмкін болатын қастандықтан сақтанып, Вашингтонға арнайы поезбен келді. 4 наурызда болған ұлықтау рәсімінде астананы тәртіп қорғаушы әскерге толтырды. Ұлықтау сәтіндегі өз сөзінде Линкольн: «Мен бұл штаттар одағы Конституциялық және әмбебап құқықтық таным тұрғысынан алғанда мәңгілік деп есептеймін.

Сол сияқты өз сөзінде Линкольн «құлдық институтын ол бар болған штаттарда функционированиеге тікелей немесе жанама түрде араласуға ешқандай мүддесі жоқ екенін» айтты. «Менің мұны жасуға құқығым жоқ, әрі мұны жасауға иілмеймін де.». Линкольн шиеленісті бейбіт шешіммен шешуге және Құрама Штаттар бірлігін қалпына келтіруге шақырды. Алайда шығыс жүзеге асырылып, Конфедерация әскери қимылға еселеп дайындап қойған болатын. АҚШ Конгресіндегі оңтүстік штаттардың өкілдерінің көпшілігі оны тастап, Оңтүстік жаққа өтіп кетті.
Категория: А | Добавил: Злой_Админ)) (28.12.2012) E
Просмотров: 1589 | Теги: Авраам, Авраамның, Сайлау, Ресми, линкольн, дүниеге, үй, келген, портретi | Рейтинг: 5.0/1