А, дүние - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері - Сұлтанмахмұт Торайғыров - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Сұлтанмахмұт Торайғыров » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері

А, дүние
А, дүние

А, дүние, берсе қанат тәңірі маған!
Ерік алып, ұшып кетсем көкке таман.
Жер, күннің аймағынан үстін шығып,
Әлемге көз жіберсем сол арадан.

Бойымнан ірілік оты сонда сөніп,
Планет һәм жасаған елді көріп,
Тозаңдай басқа әлем қатарында
Айтар едім елеусіз жерді көріп.

Қандай мән бұл адамның өмірінде,
Дәм татқызар үміт не көңілінде?
Туысында еріксіз жердің құрты
Және еріксіз аһ ұрып сөнуінде.

Әлемге өмір шашқан күні мынау,
Жердегі көрінбеген сыры мынау,
Бар-жоғының тозаңдай елеңі жоқ,
Адам тұрсын, жерінің түрі мынау.

Неменеге мақтандық көкірек керіп,
Өзімізге сонша артық мағына беріп.
«Барша әлем жаралған адам үшін»,
Деп қалайша адасып жүрдік сеңіп?
Категория: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері | Добавил: Злой_Админ)) (16.12.2012) E
Просмотров: 748 | Теги: дүние | Рейтинг: 1.0/1