Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері - Сұлтанмахмұт Торайғыров - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Сұлтанмахмұт Торайғыров » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері

Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын
Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын,
Ақ анар, жұпар иіс, мамық қойын.
Мінезді, сөзге епті, әңгіме ұста,
Өмірдің қыздыратын жастық тойын.

Сүйріктей ақ білекті шебер саусақ,
Ақ шаңқан балапандай тұрған жусап.
Жаратылыс мақтаны — сұлу қызды
Көрген сайын құмарық артар сусап.

Ақ уыз — дене көркі, тік қос алма,
Магниттей тартқызған көрген жанға.
Әзірге көргенмен де, көптің бірі,
Мендік боп, мені сүйсең арман бар ма!
Категория: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері | Добавил: Злой_Админ)) (16.12.2012) E
Просмотров: 598 | Теги: мойын, Аққудай, сұңғақ, үлбіреген | Рейтинг: 0.0/0