Арманым - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері - Сұлтанмахмұт Торайғыров - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Сұлтанмахмұт Торайғыров » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері

Арманым
Арманым

Барлық адам баласы
Өзіндей көрсе өзгені —
Озбырлық өшіп қарасы,
Өзімшілдік өлгені.

Кедей, жалшы, қарттың да
Бірдей болса арасы —
Шын әділет таптың да,
Теңеліп қолдың саласы.

Әлемдегі ғаламат
Игілікке арналса,
Өнері ортақ азамат
Еңбекте ғана арланса.

Оқу-білім өркеймек,
Елге егіп пайдасын.
Ел жетіліп көркеймек,
Өнер қанат жайғасын.

Әлемдегі терең сыр
Ғылыммен ғана ашылмақ,
Асау, тағы ой мен қыр
Керекке жарап бас ұрмақ.

Сондай елді көре алмай,
Ақын Абай зарыққан.
Соңынан елі ере алмай,
Қайғыда жүдеп қамыққан.

Біз көрерміз, үміт бар,
Тией бер осы халыққа.
Озбырлық күш ғұрыптар
Жасай бермес тарихта.
Категория: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері | Добавил: Злой_Админ)) (16.12.2012) E
Просмотров: 873 | Теги: Арманым | Рейтинг: 0.0/0