Бір балуанға қарап - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері - Сұлтанмахмұт Торайғыров - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Сұлтанмахмұт Торайғыров » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері

Бір балуанға қарап

Бір балуанға қарап


Жықсаң бәйге аласың алысқанда,
Қару қып, қайратың сап қарысқанда.
Жындылық - шаппай бәйге бер деп сұрау,
Озсаң, бәйге кім бермес жарысқанда.

Тұрмысы бүл дүниенің күреспен тең,
Тәуекел, күреске түс, бар-дағы жең.
Дүниеде барлығынды кім біледі,
Үйінде ынжықтанып отырсаң сен!

Кім сені бұл дүниеде бар деп айтар,
Кім саған жықпай бәйге ал деп айтар?
Жықпасаң да күресіп талаптансаң,
"Еті тірі, жаужүрек жан" деп айтар.

Жүрген көп; "жығылам" деп үйде бұғып,
Жел бол май, боран болмай бет алды ығып;
Қысқасы, ондырмаған жасқаншақтық, —
Жасқанба, қылыш шапса, найза сұғып!

Категория: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері | Добавил: Злой_Админ)) (16.12.2012) E
Просмотров: 653 | Теги: қарап, балуанға, бір | Рейтинг: 0.0/0