Біреу бай, біреу жарлы - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері - Сұлтанмахмұт Торайғыров - Әдеби Әлем | Қазақ ақындары және олардың шығармалары - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Статьи » Сұлтанмахмұт Торайғыров » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері

Біреу бай, біреу жарлы

Біреу бай, біреу жарлы

Біреу бай, біреу тере, біреу жарлы,
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсықтар семіріп жүр көміп арды.

Қайдан табам халықтың шын баласын,
Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп ұшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп әзірге сандаласың.

Ондай адам болған ғой, болар тағы,
Өмірлік барлық ісі — елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер әлі-ақ бір күн бақыт таңы.

Категория: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері | Добавил: Злой_Админ)) (16.12.2012) E
Просмотров: 746 | Теги: жарлы, біреу, бай | Рейтинг: 0.0/0